МИФ апталығының қорытындысы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
қазан
2022

МИФ апталығының қорытындысы

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің

«Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ


«Әлемнің ғажайып үш тірегі»

атты математика, информатика және физика пәндері апталығының

ЕСЕБІ


Мектебімізде «Әлемнің ғажайып үш тірегі» атты математика, информатика, физика пәндері апталығы 10 мен 14 қазан аралығында өтті. Апталыққа арналған жоспар бекітіліп, 10 қазан күні бейне-таныстырылыммен апталықтың ашылуы ютуб каналында жолданып, мектеп дәлізінде аталған пәндер бойынша көрме ұйымдастырылды. 

Апталықтың негізгі мақсаты: Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен алмасу.

«Әлемнің ғажайып үш тірегі» тақырыбындағы МИФ апталығы аясында 10 қазанда информатика пәнінен 8 «Б» сыныбымен «Компьютерлік желілер»  тақырыбында Сейлбек А.С ашық сабақ берді.  Мақсаты: Желінің өткізу қабілетін анықтау. Бұл сабақ оқушыларға,  тасымалданған ақпарат көлемін, уақытын, арнаның өткізу жылдамдығы формуласын қолданып  есептей алулары үшін тиімді болды. 






Осы күні 8 «А» сыныбымен Әбдрахмен Г.Б.  «Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Цифрлық сауаттандыру бойынша оқушыларды «Әлеуметтік желі арқылы орыныңды тап» әдісі арқылы топқа бөлдім. Математикалық диктант әдісімен оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексердім. Математикалық жәрменке әдісін оқушылардың деңгейін тексеру үшін қолдандым. Мозайка әдісін топтық жұмысты ұйымдастыру мақсатында пазл құрастырттым. Шағын тест әдісі бойынша тест алып сабақты қортындыладым. Бәрі менің қолымда әдісі бойынша кері байланыс алдым оқушылардан.






12-қазан күні 8 «Б» сынып оқушыларымен физика пәнінен  «Қатты денелердiң балқуы және қатаюы, балқу температурасы, меншiктi балқу жылуы» тақырыбында Хамитжанова А.К ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: балқу немесе кристалдану кезіндегі жұтылатын немесе бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруға қолдану; заттың балқу және қатаю үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау. Үй тапсырмасы интерактивті тақтада «Бұлттарға саяхат» әдісі бойынша сұралды. «Менің көңіл-күйім» әдісі бойынша оқушылармен психологиялық ахуал жасап алған соң, оқушылар «Теоретиктер», «Зерттеушілер», «Математиктер» және «Сарапшылар»топтары бойынша жұмыс жасады. Сабақтың тиімді тұсы да осы топтарға берілген тапсырмалардың жүйелілігінде болды. «Теоретиктер» тобы кітаппен жұмыс жасай отырып, берілген сұрақтарға жауап берді. «Зерттеушілер» тобы мұздың еру процесін және пайда болған судың жылу процессін басынан аяғына дейін толықтай бақылап, тәжірибе нәтижесін түсіндіріп берді. «Математиктер» тобы мұздың еруіне кеткен жылуын есептеп шығарса, «Сарапшылар» тобы басқа топтардың жұмысын біріктіре келе өз қорытындыларын жасап, басқа топ жұмыстарын бағалады. Бұл оқушылардың қызығушылығын арттыра түсті. Сабақтың соңында «Жинақтау» білім дағдысын орындау график есепті шығарумен жүзеге асты.






Осы күні 7 «А» сыныбының жарты топ оқушыларымен информатика пәнінен «Антивирустық қауіпсіздік» тақырыбында Габитова Ж.Ш ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар «Өрмекші торы» әдісі арқылы психологиялық ахуалда бір біріне жақсы тілетер айтудан бастады. Нәтижесінде тор пайда болды. Мұғалім бұ неге ұқсайды деген сұрақ қою арқылы өткен тақырып «Копмьютерлік желілер» болғаныны оқушылар айтты. Топқа бөлу де үй тапсырмасымен байланысты суреттер тарату арқылы компьютерлік желілер түрлерін, желілік сымдар және желілер топологиясы болып бөлінді. Арықарай оқушылар АКТ көмегімен сәйкестендіру тапсырмасын орындады. Жаңа тақырыпты оқушылар топ болып, сұрақтарға жауап беру мақсатында постор қорғады және басқа топ оқушыларына түсіндірді. Топ басшысы топтағы оқушыларға бағалау жүргізді. Мұғалім әр топтың жұмысына толықтыру мақсатында түсінік беріп отырды. Практикалық тұрғыдан оқушылар компьютерді вирусқа тексеру жұмысын автивирустік бағдарлама қолданып жүргізді. Оқушылар сабақты бекіту мақсатында вирусқа қарсы бағдарламалар жұмысын салыстыру тапсырмасын орындады. Кері байланыста оқушылар https://www.mentimeter.com/ платформасында «БББ» әдісі арқылы сұрақтарға жауап жазды. Мұғалім Топ басшысының бағалауын және өзінің бағалауын жүргізіп ортақ бал шығарды. Оқушыларды жекелей бағалады, күнделіктеріне бал қойды. 






     13 қазан күні 7"Б" сыныбында геометрия пәнінен Батталова Айым Тасқымбекқызы «Үшбұрыштардың түрлерін ажырату» тақырыбында ашық сабақ  өткізді. Оқушылар сабақта «Джигсо» әдісімен тақырыпты меңгеріп, үшбұрыштың бұрыштары бойынша және қабырғасы бойынша түрлерін ажыратты, есептер шығарды.






Осы күні 8 «Б» сынып оқушыларымен геометрия пәнінен  «Трапеция. Оның түрлері мен қасиеттері. Трапецияның орта  сызығы. Үшбұрыштың орта сызығы» тақырыбында Базарбаева А. Е ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: трапецияның анықтамасын білу және түрлерін білу. Үй тапсырмасы интерактивті тақтада «Көршіме сенемін» әдісі бойынша сұралды. «Тілек тамшылары» әдісі бойынша оқушылармен психологиялық ахуал жасап алған соң, оқушылар «Трапеция», «Ромб», «Параллелограмм» және «Квадрат» топтары бойынша жұмыс жасады. Сабақтың тиімді тұсы да осы топтарға берілген тапсырмалардың жүйелілігінде болды. «Кім жылдам?» әдісі арқылы оқушыларға топтық жұмыс берілді. Одан кейін деңгейлік тапсырмалар берілді. Сабақ CLIL әдісі арқылы қорытындылады. Сабақтың соңында топ басшылары оқушыларды жинаған таяқшалары арқылы бағалады. Кері байланыс «Padlret» тақтасына оқушылар трапеция тақырыбы бойынша қандай білім алды, нені түсінбеді пікірлерін жазды.







Міне аталған «МИФ» апталығы өз мәресіне жетті. Жалпы қорыта айтқанда, апталық өз қойған мақсатына жетті. Пән мұғалімдері әр іс-шараға тыңғылықты дайындалған және де үлкен жауапкершілікпен өткізді.  Апта бойы оқушылар жоспардағы іс-шараларға белсене араласып, қатысты.