01
желтоқсан
2022
«Полиглот» интеллектуалды сайысы
Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде "English is an international language" ағылшын тілі апталығы аясында 1 желтоқсан күні
8 - сынып оқушылары арасында «Полиглот» интеллектуалды сайысы өтті. Интеллектуалды сайыстың мақсаты: оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ұйымшылдыққа, өз пікірін еркін айтуға тәрбиелеу.
Міндеті: өз ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге шақыру.
Сайысқа 8 "А", 8"Б", 8"В" және 8"Г" - сынып оқушылары қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша I орынмен - 8 "Б" сынып оқушылары, II орынмен 8 "В", III орынмен 8 "А" және "Г" сынып оқушылары марапатталды.
Қатысқан барша оқушыларға алғысымызды білдіреміз.
Жауапты мұғалім: Қайсарханова Е.Т.


