Бастауыш сынып бірлестігі апталығында өткізілген шаралар » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
қараша
2022

Бастауыш сынып бірлестігі апталығында өткізілген шаралар

     Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің"Ахмет Байтұрсынов атындағы N 20 орта мектебі"КММ-де "Бастауышым бастамам-білім жолын бастаған!" атты апталықтың аясында 2-сыныптар арасында "Түстер кеші" атты сыныптан тыс шара өтті.Бұл іс-шараға ата-аналар мен оқушылар ерекше дайындалып, белсенділік танытып қатысты.Өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық салт- дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берді. Олар әртүрлі номинацияларға ие болды. Белсенділік танытқан ата-аналар мен оқушыларға алғысымызды білдіреміз!!! Жауапты: 2-сынып жетекшілері.
   Көркем әдебиет пәнінен «Шалқан ертегісі» атты ашық сабақты Қабдешова Т.Ш. 0 «Б» сынып оқушылары арасында өткізді. Өткізілген бұл іс-шараның басты мақсаты: балаларды көркем әдебиетке баулу, сөйлеу, ойлау қабілеттерін арттырып, тіл байлығын кеңейту. Білім алушылар ертегінің мазмұның түсініп, сұрақтарға белсене жауап беріп, тапсырмаларды жарыса, көтеріңкі көңіл күймен орындады.
   Апталықтың ресми жабылу салтанаты «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты эстафеталық ойында көрініс тапты.   Бұл ойынды бірінші сынып жетекшілері ұйымдастырып, эстафетаға бірлестік мұғалімдері қатысқан болатын. Оқушылар өздерінің сүйікті ұстаздарына жанкүйер болып, үлкен қолдау білдірді.