23
қазан
2023
«Қазақстан-туған жерім, туған елім!» тәрбие сағаттары
Республика күнін мерекелеу қарсаңында мектебімізде «Қазақстан-туған жерім, туған елім!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Республика күні – мемлекеттіліктің символы болып табылатын маңызды мереке.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың тәуелсіз еліміздің қалыптасу тарихы туралы білімдерін толықтыру. Ел тарихына деген қызығушылықты, азаматтық, патриоттық және өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.



