20
қараша
2023
Кіріктірілген ашық сабақ
20.11.23 күні математика пәнінің мұғалімі Әбдрахманова Г.Б мен физика пәні мұғалімі Смайлханова А.Е ұйымдастырған "Арифметикалық прогрессияны Ньютон заңдарында өрнектеу" тақырыбында кіріктірілген ашық сабақ өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, математика және физика пәндерінің байланысын оқушыларға түсіндіру. Сабақта бірнеше әдіс-тәсілдер қолданылды: көгершіннен хат, пирамида құрастыру, банкомат ойыны. Сонымен қатар оқушылар сабаққа онлайн форматта Quizziz платформасы арқылы қортынды жасады. Оқушылар сабаққа белсене қызығушылықпен қатысты. Сабақ жоғарғы деңгейде жүргізілді!