14
желтоқсан
2023
“Қызғалдақ ғұмыр” атты шара
Тәуелсіздік таңының атауы қаншама боздақтарымыздың есімімен байланысты. Солардың қатарында жерлесіміз Сабира Мұхамеджанова бар. Тәуелсіздік күніне орай 9-сынып оқушылары Сабира Мұхамеджанова оқыған Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжіне барып “Қызғалдақ ғұмыр” атты шараға қатысып қайтты. Қаһарман қыздың рухына бас иіп, мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойды.
