Тәуелсіздік форумы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
қаңтар
2019

Тәуелсіздік форумы

Ұлт көшбасшысының Тәуелсіз мемлекет құрудағы, өмір-жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, шәкірттерге елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында мектебімізде Тұңғыш Президент күніне орай мектепшілік «Елбасым-мақтанышым» тақырыбында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

23 қарашада «Қазақстан-менің туған өлкем» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында сурет көрмесі өткізілсе, 5-8 сынып оқушыларына кітапханада «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» бейнесабақ  көрсетілді.

26 қараша күні «Елбасым-мақтанышым» тақырыбында салтанатты лездеме, мектеп кітапханасында «Дәуірдің дара тұлғасы» тақырыбында фото және кітап көрмесі өткізілді. Сонымен қатар 7-8 - сынып оқушыларының арасында«Менің елімнің көшбасшысы»  тақырыбында шығарма жазылды.

Қарашаның 28 күні 1 сабақта 1-9  сыныптарда «Тұңғыш Президент-Кемеңгер көшбасшы» тақырыбында бірыңғай ашық сабақтар, Мәңгілік ел бөлмесінде 10-11 сыныптарға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып, «Н.Назарбаев - саясаткердің адами тұлғасы» бейнеролигі көрсетілді.

 29 қарашада 5-8 сынып оқушылары арасында «Біздің Елбасымыз» атты презентация қорғау сайысы өткізілді, сайыстың ережері бойынша 5-сыныптар Елбасының балалық шағы; 6-сыныптар Елбасының еңбек жолы; 7-сыныптар Елбасының хоббиі; 8-сыныптар Елбасының жетістіктері жайлы презентация қорғалды. Әрбір буын бойынша үздік презентация дайындаған сыныптар марапатталды.

30 қарашада Тұңғыш президент күніне арналған «Елбасы мәртебесі-ел мәртебесі» салтанатты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік концерке 4,6,9,10 – сынып оқушылары, ата-аналар және мөлтек ауданда тұратын қарттар шақырылды.

 

 

 

 

 

Похожие публикации:

22 қараша 2018 Әкелер форумы
13 желтоқсан 2018 Тұңғыш Президент күні