Іс-шаралар » Страница 14 » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Өрт дабылы" бойынша жаттығу өткізілді
20
қыркүйек
2023
"Өрт дабылы" бойынша жаттығу өткізілді
    2023 жылдың 20 қыркүйегінде мектептің азаматтық қорғаныс жаттығуларының кестесіне сәйкес, Өскемен қаласының №7 өрт сөндіру бөлімшесі қызметкерінің қатысуымен мектеп құрамымен өрт дабылы бойынша жаттығу өткізілді. Жаттығу барысында мектеп құрамы теорияда алған білімдерін шыңдап нұсқаулыққа сәйкес дұрыс әрекет жасай білді.
"Еңбек  - бәрін жеңбек" сурет көрмесі
19
қыркүйек
2023
"Еңбек - бәрін жеңбек" сурет көрмесі
   18-22 қыркүйек аралығында «Еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында 2-4 сыныптардың «Еңбек-бәрін жеңбек!» тақырыбына салған суреттерінен көрме ұйымдастырылды. Сурет салу-бала қиялын дамытуда, икемін бағыттауда, балаға әр қырынан тигізер пайдасы өте жоғары істердің бірі.
Еңбек күніне арналған сынып сағаттары
18
қыркүйек
2023
Еңбек күніне арналған сынып сағаттары
   18 қыркүйек күні мектебімізде «Еңбек күнін» атап өту қарсаңында адал еңбек пен еңбекқорлық мәдениетін кеңінен насихаттау мақсатында  5-11 сыныптарда «Еңбекқорлық және оның табысқа әсері», 1-4 сыныптарда «Еңбегі адал жас өрен» тақырыбымен сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары оқушыларға нағыз еңбек адамы әр ісіне, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын, өзгенің еңбегін бағалайтын адал азамат екендігін түсіндіруге бағытталды.
«Дүниежүзілік тазалық күні (World Clean Up Day 2023)» экологиялық акциясы
16
қыркүйек
2023
«Дүниежүзілік тазалық күні (World Clean Up Day 2023)»
   2023 жылдың 16 қыркүйегінде «Дүниежүзілік тазалық күні (World Clean Up Day 2023)» экологиялық акциясына орай Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектеп ауласын қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді. Сенбіліктің басты мақсаты - мектептің ауласының тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту.
"Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл
15
қыркүйек
2023
"Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл
      Оралхан Бөкей есімі әдебиетіміздің төрінде шоқ жұлдыздай жарқырап тұр. Оның прозасы ерекшелігімен мәңгілік.  Биыл жерлес жазушының туғанына 80 жыл. Мектебіміздің 7-сынып оқушылары облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерімен бірге шығармашылығын туған өлкесіне арнаған заңғар жазушы әлеміне үңіліп,  "Тортай мінер ақ боз ат" шығармасын талдады.
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ
15
қыркүйек
2023
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ
  2023 жылдың 15 қыркүйегі күні мектебіміздің азаматтық қорғаныс жоспарына сәйкес оқытушылар құрамымен және қамту қызметкерлерімен «БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ» тақырыбында сабақ өткізілді. Аталған тақырып бойынша қатысушылар көптеген маңызды ақпараттар алып, төтенше жағдайда іс-әрекет жасау нұсқаулықтарымен танысты.
«Отбасы - бақыт аясы»
13
қыркүйек
2023
«Отбасы - бақыт аясы»
   «Отбасы - бақыт аясы» апталығында 5 - сынып оқушылары мектеп кітапханасы қорындағы отбасылық тәрбиеге арналған кітаптармен танысып, отбасындағы тәрбиеге байланысты ойларын ортаға салды. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі озық тәжірибесі, салт-дәстүрлері туралы білімдерін толықтырды. Іс - шара барысында оқушылар ардақты жандар - Анаға, Әкеге деген құрметтерін әнмен білдірді.
"Қауіпсіздік сабақтары"
12
қыркүйек
2023
"Қауіпсіздік сабақтары"
     Бастауыш және орта буын оқушылары арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Ақ жол» балалар және жасөспірімдер клубымен бірлескен ақпаратты-насихаттық жұмыстар жүргізілді. Насихаттық жұмыс барысында жолдағы тәртіпті бұзбаулары, жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екені туралы түсіндірілді. Сонымен қатар жалпы адам өмірінің қауіпсіздігі туралы да түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
"Ар ұят және жауапкершілік" тақырыбындағы  сынып сағаттары
11
қыркүйек
2023
"Ар ұят және жауапкершілік" тақырыбындағы сынып сағаттары
    11 қыркүйек күні мектеп оқушыларын адамгершілікке, кішіпейілдікке, әдептілікке, өз халқының салт -дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға,  өзара сыйластыққа баулу мақсатында «Ар ұят және жауапкершілік» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды.
"Сергіту сәті" челленджі
08
қыркүйек
2023
"Сергіту сәті" челленджі
Спорт - біздің мәңгілік серігіміз. Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған және салауатты өмір салтын сақтау мақсатында өткен республикалық «Сергіту сәті» челленджіне Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектеп оқушылары мен ұстаздары белсене қатысты. Жаттығу түрлері әр буын оқушыларына лайық таңдалды. «Денсаулық - зор байлық». Барымызды бағалай білейік!