Іс-шаралар » Страница 15 » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ
15
қыркүйек
2023
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ
  2023 жылдың 15 қыркүйегі күні мектебіміздің азаматтық қорғаныс жоспарына сәйкес оқытушылар құрамымен және қамту қызметкерлерімен «БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ» тақырыбында сабақ өткізілді. Аталған тақырып бойынша қатысушылар көптеген маңызды ақпараттар алып, төтенше жағдайда іс-әрекет жасау нұсқаулықтарымен танысты.
«Отбасы - бақыт аясы»
13
қыркүйек
2023
«Отбасы - бақыт аясы»
   «Отбасы - бақыт аясы» апталығында 5 - сынып оқушылары мектеп кітапханасы қорындағы отбасылық тәрбиеге арналған кітаптармен танысып, отбасындағы тәрбиеге байланысты ойларын ортаға салды. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі озық тәжірибесі, салт-дәстүрлері туралы білімдерін толықтырды. Іс - шара барысында оқушылар ардақты жандар - Анаға, Әкеге деген құрметтерін әнмен білдірді.
"Қауіпсіздік сабақтары"
12
қыркүйек
2023
"Қауіпсіздік сабақтары"
     Бастауыш және орта буын оқушылары арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Ақ жол» балалар және жасөспірімдер клубымен бірлескен ақпаратты-насихаттық жұмыстар жүргізілді. Насихаттық жұмыс барысында жолдағы тәртіпті бұзбаулары, жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екені туралы түсіндірілді. Сонымен қатар жалпы адам өмірінің қауіпсіздігі туралы да түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
"Ар ұят және жауапкершілік" тақырыбындағы  сынып сағаттары
11
қыркүйек
2023
"Ар ұят және жауапкершілік" тақырыбындағы сынып сағаттары
    11 қыркүйек күні мектеп оқушыларын адамгершілікке, кішіпейілдікке, әдептілікке, өз халқының салт -дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға,  өзара сыйластыққа баулу мақсатында «Ар ұят және жауапкершілік» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды.
"Сергіту сәті" челленджі
08
қыркүйек
2023
"Сергіту сәті" челленджі
Спорт - біздің мәңгілік серігіміз. Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған және салауатты өмір салтын сақтау мақсатында өткен республикалық «Сергіту сәті» челленджіне Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектеп оқушылары мен ұстаздары белсене қатысты. Жаттығу түрлері әр буын оқушыларына лайық таңдалды. «Денсаулық - зор байлық». Барымызды бағалай білейік!
Тіл мерекесіне арналған сынып сағаттары
07
қыркүйек
2023
Тіл мерекесіне арналған сынып сағаттары
Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы, әліппенің атасы, қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист Ахмет Байтұрсыновтың өмір және еңбек жолын кеңінен таныстыру , үлгі болар өнегесін жас ұрпаққа паш ету мақсатында мектеп оқушыларымен танымдық сағаттар ұйымдастырылды.
"Ахмет білгірлері"
06
қыркүйек
2023
"Ахмет білгірлері"
    5-қыркүйек Ұлт ұстазы, ғалым, ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне және Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай мектебімізде "Ахмет білгірлері" атты брейн-ринг зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Ойынға 9 - сынып оқушылары қатысты. Сайысқа қатысушылар А.Байтұрсынұлының өмірі, шығармашылығы, еңбектері бойынша өз білімдерін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз топтар анықталды. Бас жүлдені 9 - "В" сыныбының "Ахмет ізбасарлары" тобы,  I  орынды 9 - "А" сыныбының "Ахмет
"Тілдер мерекесі"
05
қыркүйек
2023
"Тілдер мерекесі"
    Бүгін, қыркүйектің 5-і — Алаш қозғалысының қайраткері, ғалым, түркітанушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілген. Осы орайда мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1- сынып оқушылары Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туралы мағлұматтармен сонымен қатар 7 бөлімнен тұратын  мектеп мұражайымен танысты.     Мектебіміздің мұражайы оқушылардың ой-өрісін кеңейте отырып  ана тілін ардақтайтын, әдет ғұрпы мен салт дәстүрін құрмет
"Ахмет Байтұрсынұлы - Алаштың рухани көсемі"
05
қыркүйек
2023
"Ахмет Байтұрсынұлы - Алаштың рухани көсемі"
    5-қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай мектебімізде  «Ахмет Байтұрсынұлы - Алаштың рухани көсемі» атты мұражай сабақтары өткізілді. Алаштың рухани көсемі А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын мұражай сабақтарына  №11, 37 мектеп оқушылары да қатысты. Оушыларға А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығының басты белестері туралы қысқаша экскурсия ұйымдастырылып мұражай экспонаттарымен таныстырылды. Экскурсия соңында оқушылар