Қамқорлық кеңесінің хаттамалары
Өскемен қаласы әкімдігінің
«Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ
Қамқоршылық кеңес отырысының
х а т т а м а с ы №1
Күні. 04.09.2020 ж
Қатысқандар: Кеңес мүшелері: 9
Мектеп әкімшілігі- 3
Күн тәртібі:
- Қамқоршылар кеңесінің жұмысын жалғастыру, 2020-2021 оқу жылына жоспар құру
- Қамқоршылар кеңесінің жұмысын ұымдастырудың типтік ережелеріне ұсыныстармен салыстырмалар енгізуді қарастыру
- Оқушылардың сабақ кестесін бекіту туралы
Тыңдалды:
Бүгінгі күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес төрайымы Ахатова Гульжайна Уантаевна сөз алды. Аудиторияны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық кеңес туралы ереженің жаңа редакциясымен таныстырылды.
Қамқоршылық кеңестің құрамы 3 жыл мерзімге сайланған, жұмысын жалғастыру жөнінде тоқталды. Жаңа оқу жылына 2020-2021 оқу жылына жоспар құру керектігіне тоқталды.
Екінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес төрайымы Ахатова Гульжайна Уантаевна сөз алды. Аудиторияны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастырудың типтік ережелеріне Шығыс Қазақстан облысы білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің хаты негізінде Өскемен қаласы білім бөлімі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар кеңесінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің отырысы қортындысы бойынша Қамқоршылар кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың типтік ережелеріне ұсыныстармен салыстырмаларды жаңа редакциясымен таныстырылғанды жөнінде тоқталды.
Қамқоршылар кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың типтік ережелеріндегі 5 тараудың әр тармақтарына енгізілген ұсыныстар мен салыстармалар жөнінде айтты.
Үшінші мәселе бойынша мектеп директоры Базарбек Омаргалиевич Садыков сөз алды. Пандемияға байланысты мектептердің барлығы бес күнді жұмыс кестесіне ауысып жатқандығына тоқталды. Мектептегі оқушылардың сабақ кестесі бес күндік жұмыс кестесіне ауысуы керектігі жөнінде айтылды.
Күн тәртібіндегі бойынша мәселелер тыңдап, талқылап, ұсыныстарды ескеріп, бірауыздан шешім қабылданды.
Қаулы:
1. 2020-2021 оқу жылына мектептің қамқоршылық кеңесі төмендегі құрамда жұмысын жалғастырсын:
1. Ахатова Гульжайна Уантаевна – қамқоршылық кеңес төрайымы;
2. Қасымжанова Шынар Жұмақанқызы - қамқоршылық кеңес төрайымының орынбасары;
3. Бексайнова Гүльнара Орынбековна - қамқоршылық кеңесінің хатшысы
4. Құмарбекова Арайлым Құмарбековна - қамқоршылық кеңес мүшесі
5. Мыңғынова Гүльнар Зангыновна - қамқоршылық кеңес мүшесі
6. Мажренова Азат Мелисьевна - қамқоршылық кеңес мүшесі
7. Шолохова Гүлсан Рамазановна - қамқоршылық кеңес мүшесі
8. Қасымханова Мадина Әшімханқызы - қамқоршылық кеңес мүшесі
9. Рамазанова Толқын Жармұхамедевна - қамқоршылық кеңес мүшесі
2. 2020-2021 оқу жылына мектептің Қамқоршылар кеңесінің жұмысын ұымдастырудың типтік ережелеріне ұсыныстармен салыстырмалар енгізілісін.
3.2020-2021 оқу жылында мектептегі оқушылардың сабақ кестесі 5 күндік жұмыс болып бекітілсін.
Қамқоршылық кеңес төрайымы: Г.У. Ахатова
Хатшы: Г.О. Бексайнова