ТҰМАУ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ? » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
қаңтар
2022

ТҰМАУ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?

   Тұмау (грипп) – жоғарғы тыныс алу жолдарының зақымдануымен және интоксикация (ағзаны улау) белгілерімен сипатталатын аса жұқпалы инфекциялық аурулардың бір түрі. Аурудың атауы француздың «grippe» – «ұстау» сөзінен туындаған. Тұмаудың вирустық сипатын алғаш рет 1933 жылы ағылшын мамандары Smith, Andrewes, Leidlaw анықтады. Оның қоздырушылары – ортомиксовирустар тобына жататын құрамында вирустары бар РНҚ (рибонуклеинқышқылдары). Олар жекелеген үш түрге топталады: А, В, С. Тұмаудың вирустары – жасушаішілік (внутриклеточные) паразиттер.