абайлаңыз балалар » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
қазан
2018

абайлаңыз балалар

         1-10 қыркүйек аралығында                «Абайлаңыз – балалар!» айлығының жоспары жасалынып мұғалімдер мен оқушыларға таныстырылды. Ақпараттық стенджол қозғалысы бойынша жаңаланды.

3-5 қыркүйек аралығында үйден оқу орнына дейінгі қозғалыстың бағдар парақтары 1-11 сыныптар арасында жасалып, жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша қоғамдық инспекторы және ЖҚЖИ тобының мүшелерімен тексерілді.

1–11 аралығында 35–сынып, 827 оқушы күнделіктері тексеріліп,  «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында жол қозғалысының қауіпсіздігі нұсқаулығы барлық оқушыларға ескертіліп, қауіпсіздік дәптеріне қол қойдырылды.«Восток -5» аула клубындағы қалалық штабта «Жол белгілеріне саяхат» тақырыбында 4 сынып оқушыларына танымдық сабақтар жүргізілді. Сонымен қатар ІІ Департаментінің бас маманы А.М.Атудиновамен кездесу өткізіліп, «ҚЖИ -2018» Республикалық слетіне қатысушы оқушылар 5-қыркүйек күні  Облыстық телеарнаның «Рауан» бағдарламасына қатысып қайтты. 

 

 

     

 

 

 

Похожие публикации:

30 қазан 2018 кездесу кеші
03 наурыз 2018 Жол Аман тобы
25 қыркүйек 2017 Тіл мерекесі