"Айбынды жастар - ел қорғаны "
Бейбіт елде ғұмыр кешіп жатқанымызбен, күнделікті өмірде адам жанын ажалдан арашалап, тосыннан келетін тілсіз жаудан сақтап қалған қызметкерлердің ерлігі ерен. Былтыр жаз айында суға батып бара жатқан алты жасар баланы құтқарып қалған жауынгер, бүгінгі күннің батыры 3477 әскери бөлімінің ефрейторы Құмарбеков Тілек Амантайұлымен мектебіміздің 9Б сынып оқушылары сұхбаттасып қайтты. Сұхбат барысында құтқарушының ерлік істері туралы айтылып, әскери қызметкер болудағы қатал тәртіп пен