Ағылшын тілі апталығы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова»
отдела образования по городу Усть-Каменагоску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Версия для
слабовидящих
27
ноябрь
2020

Ағылшын тілі апталығы

Ағылшын тілі апталығының қорытындысы


23.11.2020-27.11.2020 аралығында «English is an international language» тақырыбында ағылшын тілі апталығы өткізілді.

Апталықтың мақсаты:

Оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту.

Апталық аясында сыныптан тыс шаралар өткізілді. Жоспарланған жұмыстар толық орындалды. Сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруда мұғалімдер өздерінің кәсіптік шеберліктерін, ұйымдастыру қабілеттерін көрсете білді.

     Апталықтың жоспарына сәйкес 24.11.2020 жылы Қуанышбекова Фариза Қуанышбекқызы  мен Мұқанова Шырайлым Мұратқызы 5 сыныптар арасында «Who wants to be a millionaire?» интеллектуалды ойынын өткізді. Ойынның мақсаты: оқушылардың 3 тілде сөйлеу дәрежесін қалыптастыра отырып, шапшаңдыққа үйрету. Сайыста оқушылар өздерін жан-жақты екенін көрсете білді. Интеллектуалды ойында  жеңімпаз анықталып, қатысушылар алғыс хатпен марапатталды. 

25.11.2020 жылы Төлеубекова Әсел Қанатқызы және Азатбек Аяулымның ұйымдастыруымен 7 сыныптар арасында “English League” зияткерлік ойыны өткізілді. Ойынның мақсаты: оқушылардың АҚШ және Ұлыбритания мемлекеттері туралы білімін тексеру, логикалық сұрақтар, жұмбақтар шешу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.  4 кезеңнен тұрған зияткерлік ойынында оқушылар топпен, жеке жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық айта білді. Әділқазылар ұпайларды есептеу барысында оқушылар “Diamond” әнін шырқады. Ойын тартысты, әрі қызықты өтті. 

26.11.2020 жылы Умбетова Айгерим Ерлановна   8-11 сыныптар аралығында мектепішілік олимпиада өткізді. Барлығы 21 оқушы қатысты. Олимпиадада берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың жазылым, оқылым дағдылары тексерілді. Оқушылардың жауаптары тексеріліп, сараптаудан өткізілді. Жоғары балл жинаған оқушыларға жүлделі орындар белгіленді.

26.11.2020 жылы Шайзина Айнур Мирамбековна мен Қайсарханова Еркежан Талғатқызының ұйымдастыруымен 4 сыныптар арасында "Brain ring" зияткерлік сайысы өтті. Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін, шапшаңдылығын анықтау, есте сақтау қабілеттерін арттыра   отырып, ойларын жетік жеткізуге талпындыру. Зияткерлік сайыста оқушылар  музыкалық, мультфильм, грамматикалық және логикалық тапсырмаларын орындауда өз белсенділіктерін танытып, алғыс хатпен   марапатталды.

27.11.2020 жылы мұғалімдер арасында «The best translator-2020» атты интеллектуалды сайысы өткізілді. Ұстаздар арасында өткізілген интеллектуалды сайысының басты мақсаты: ұстаздардың ағылшын тілін меңгеруін интеллектуалды ойын арқылы анықтау. Сондай-ақ, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау. Сайыста мұғалімдер ағылшын тілінен жан-жақты білім деңгейлерін көрсете білді.

Преподаватели алдарына қойған мақсаттарына жете алды.