01
сентябрь
2021
Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебіндегі Білім күні
1 сентябрь 2021 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде 2021-2022 оқу жылының басталуына орай «Кел, балалар, оқылық!» атты Алғашқы қоңырау салтанатты мерекесі ұйымдастырылды. Дәстүрлі Білім күні мерекесі өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру мақсатында қазақтан шыққан алғашқы педагог, ұлы ағартушы, ғалым, этнограф Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы мен қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы тақырыптарын қамтыды.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерді қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Женабаева Жайнагуль Кайнонкеновна, мектеп директоры Садыков Базарбек Омарғалиұлы құттықтап алғашқы ұстаздарымен таныстырды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 108 оқушыға алғашқы оқулығы Әліппе табысталды.



