01
сентябрь
2024
1-сентябрь "Білім күні"
Алтын ұя мектептің сүйікті әуеніне айналған қоңырау үні сыңғырлап, тағы да білім шыңына жетелеуге шақырды. ШҚО білім басқармасы «Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова» «Ахмет Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі» КММ-де сыңғырлаған күміс қоңыраудың үні естіліп, білім күніне арналған салтанатты мереке өтті. Биыл мектеп табалдырығын алғаш аттаған 130 бүлдіршінді ыстық ықыласпен қарсы алсақ, білім мен өнерде, спортта жетістіктерге жетіп, мектеп мақтанышына айналған 11 сынып оқушылары, болашақ түлектер саны - 47 баланы қамтыды. Салтанатты шараға ШҚО ББ «Усть-Каменогорск қаласы бойынша білім беру бөлімі» ММ әдіскері Тохтарова Динара Байдархановна, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Бизнес мектебінің оқытушысы Сырымбек Маржан, Үлбі полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының орынбасары, полиция капитаны Биболов Еркебулан Нуржанұлы, «Ақжол» балалар жасөспірімдер клубының қосымша білім беру педагогы, әкімшілік полиция басқармасының ардагері Атудинова Ақгүл Мурманханқызы қатысып, оқушыларға сапалы білім мен тәрбие алуда жетістіктер тілеп, еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуына ниеттерін білдірді. Текті елдің перзентіне артылған үміті ақталып, білімнің кемел жолындағы болашағының жарқын боларына кәміл сенімдіміз! Алғашқы қоңырау мерекесі құтты болсын!








