«Тәуелсіздік – ел тірегі!» тақырыбындағы тәрбие сағаттары » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова»
отдела образования по городу Усть-Каменагоску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Версия для
слабовидящих
15
декабрь
2020

«Тәуелсіздік – ел тірегі!» тақырыбындағы тәрбие сағаттары

Мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында 1 – 11 сынып оқушыларына 8 – 15 декабрь аралығында «Тәуелсіздік –  ел тірегі!» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. 
Тәрбие сағаттарында еліміздің Тәуелсіздікке жету жолындағы тарихына түсінік беріліп, тақырыптық бейнематериалдар мен презентациялар көрсетілді. Тәуелсіздік туы желбіреген жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерді айта отырып,  Еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарға жету барысында өзінің елі, халқы үшін жастық өмірін қиған аға ұрпақтың ерлік істері таныстырылды.  Тарихты бағалай білуге үйрете отырып, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен тәрбие сағаттары өз мәресіне жетті.