«Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» ата-аналар оқуы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова»
отдела образования по городу Усть-Каменагоску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Версия для
слабовидящих
19
февраль
2021

«Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» ата-аналар оқуы

     2021 жылдың 18-19 февраль күндері Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында мектепішілік ата-аналар оқуы онлайн түрде ZOOM платформасында ұйымдастырылды. 
Ата-аналар оқуының мақсаты - қашықтықтан оқыту кезінде мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайта отырып, оқушылардың білімге деген ынтасын арттыруда ата-аналарға педагогикалық-психологиялық көмек ұсыну болды. 
     Ата-аналар оқуы барысында, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы, сонымен қатар, бала тәрбиесіндегі ата-ананың тигізетін әсері жайлы ой тастарлық баяндамалар жасалды. 
   «Баланың оқуға деген ынтасын қалай арттыруға болады?», «Баламызды кітап оқуға қалайша ынталандырамыз?», «Баламен бірге кітап оқудың тиімді амалдары қандай?», «Баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Отбасылық құндылықтарды нығайту» тақырыбындағы өзекті мәселелер қаралды. Бастауыш сынып ата-аналары – Айкерім Мейрамбекқызы, Шырай Серекпековна, Назира Жолаушыгалиевна, Серик Кулумбекович бала тәрбиесіне қатысты құнды ақпараттармен бөлісті.  Аталған тақырыптардан бөлек, отбасы құндылығы, үлкенге құрмет – кішіге ізет көрсетуді баланың санасына кішкентай кезінен бастап ұялату керек екендігінде еске салып өтті. 
5-10 сынып ата аналары – Асель Оразовна, Айжан Сағымжанқызы, Жанна Әлеубайқызы, Айгуль Муратовна, Гулинат Мырзабекқызы: «Ұлы ақын Абай айтқандай, адамның алған тәрбиесі үшін үш ортаға байланысты болады. Ең алғашқы – ата-анасы, екіншісі – ұстазы, соңғы – өскен ортасы. Осы үш ортада баланың негізі жақсы қаланса, есейгенде өнегелі ұрпақ атанары сөзсіз» - деген пікірмен өз ойларын ортаға салды. Қамтылған тақырыптар: «Баланың оқуға деген ынтасын қалай арттыруға болады?», «Бала отбасын құрметтеу және бағалау үшін ата-ана өзінен бастауы керек», «Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету», « Баламен қандай тақырыптарда сырласқан ұтымды?», «Баланың жетістікке жетуін қалай жоспарлауға болады?».   
     Жалпы ата-аналар бала тәрбиесіне қатысты өздерінің ұсыныстары мен  пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойды. «Ұл – қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеп, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етейік», - деген ұтымды пікірімен ата-аналар оқуын тәрбие және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қорытындылады.