12
май
2021
Ұлттық құндылықтар- рухани жаңғыру кепілі
Майдың 12 күні «Даналық бейсенбісі» жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар- рухани жаңғыру кепілі» тақырыбында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы доцент Қалимолдина Жаннета Амангелдіқызымен кездесу өткізілді.
Кездесуге 9-10 сынып оқушылары қатысып, баға жетпес байлығымыз – ұлттық құндылықтарымыздың, келешегіміздің кемел болу жолында сәулесін шашып, құлдырап кетуден сақтап тұратын мәңгілік шамшырағымыз екені жайында пікір алмасты. Жаннета Амангелдіқызы әр оқушының қойған сұрағына толық жауап беріп, өмірден мысалдар келтіріп қызықты да тартымды сұхбат жүргізді.

