Математика, информатика және физика пәндері апталығының есебі
"Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова» "
А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі" КММ
«Әлемнің ғажайып үш тірегі»
атты математика, информатика және физика пәндері апталығының
ЕСЕБІ
Мектебімізде «Әлемнің ғажайып үш тірегі» атты қазақ математика, информатика, физика пәндері апталығы 22-26 ноябрь аралығында өтті. Апталыққа арналған жоспар бекітіліп, 22 ноябрь күні бейне-таныстырылыммен апталықтың ашылуы ютуб каналында жолданып (http://20-oskemen.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/335-mif-aptalyyny-ashyluy.html ), мектеп дәлізінде аталған пәндер бойынша көрме ұйымдастырылды.
23 ноябрьда10 «А» сыныбында физика пәнінен «Идеал газ. Газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді, пән мұғалімі-Хамитжанова А.К. 5 «Б» сыныбымен математика пәнінен «Аралас сандарды қосу азайту» тақырыбында ашық сабақ өткізілді, пән мұғалімі- Елғазинов Ж.М. 6 «А» сыныбымен математика пәнінен «Рационал сандарды бөлу» ашық сабақ берді, пән мұғалімі- Батталова А.Т.
24 ноябрьда 11 «А» сыныбында Хорошийлыкова Ж.Р «Рационал көрсеткішті дәреже. Рационал көрсеткішті дәрежелері бар өрнектерді түрлендіру» тақырыбында алгебра пәнінен ашық сабақ берді. Бұл күні 9 «Б» сыныбында алгебра пәнінен «Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар» тақырыбында Жаханова Т.А ашық сабақ өткізді. 8 «Б» сыныбында Базарбаева А.Е «Квадрат тендеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
25 ноябрь күні пән мұғалімдері Байшенова А.Е, Сейлбек А.С 3-4 сынып оқушылар арасында АКТ пәнінен «Озық ойлы, оқушылар» атты сайыс ұйымдастырып өткізді. Мақсаты дарынды, қабілетті оқушылармен жұмыс, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. Аталған сайыста оқушылар сайыстың әсерлі де, қызықты өтуіне ат салысты. Сайыс қорытындысында «Монитор» тобы жеңімпаз атанып, қалған топтар «Сканер» және «Принтер» белсенділік танытқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
26 ноябрьда 7 «В» сыныбында физика пәнінен «Инерция» тақырыбында Серікбекова К.С ашық сабақ өткізді.
Апталықтың қорытынды шарасы ретінде мектебіміздің жас мамандарымен «Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде АКТ-ның қарқынды дамуы» ашық шара өтті. Бұл шараны пән мұғалімдері Ж.Ш.Габитова, А.К.Хамитжанова ұйымдастырды. Мақсаты: «Мақсаты: Тәуелсіздік рухымен бірге өсіп келе жатқан «Жас маманның» қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің кәсіби іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде көрсету, яғни жас ұстаздың ақпараттық қоғамға бейімделуін көрсету. Сайыс 3 кезеңнен тұрды:
Бірінші кезең - Таныстыру сайысы. (өзекті тақырып қамтылу керек). Бұл сайыста байқауға қатысушы өзі туралы таныстырады. Бұл сайыс қатысушының қалаған түрінде жүргізіледі (қатысушы ән айту, өлең оқу, т. б өзінің ізденісіне байланысты таныстыруына болады) және ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс.
Екінші кезең- «Білікті маман – Ел тірегі». Бұл кезеңде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты викториналық сұрақтар қойылып, жауаптар беріледі.
Үшінші кезең «Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде АКТ-ның қарқынды дамуы» кәсіби сайысы. Жас мамандар әзірлеп әкелген жұмыстарын қорғайды.
Жас маманда үлкен жауапкершілікпен дайындалып, өз өнерлерін, өздерінің мамандықты дұрыс таңдағандарын дәлелдеп өтті. Сайыс жеңімпаздары: 1-орын Ниязбекова Г. Н. 2-орын Қайсарханова Е.Қ, 3-орынды екі мұғалім бөлісті: Байшенова А.Е, Батталова А.Б.
Қорыта айтқанда, апталық өз қойған мақсатына жетті. Пән мұғалімдері әр іс- шараға тыңғылықты дайындалды және де үлкен жауапкершілікпен өткізді. Апта бойы оқушылар жоспардағы іс-шараларға белсене араласты және қатысты. Апталықта жоспарланған іс-шаралардың бәрі өз уақытында, өз деңгейінде өтті.
Бірлестік жетекшісі: Ж.Ш.Габитова


































