30
ноябрь
2021
"Тұңғыш Президент күні" сабақтары
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова» «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» управления образования Восточно-Казахстанской области нде оқушылармен Тұңғыш Президент күніне орай ашық сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Жас ұрпаққа Елбасымыздың сан қырлы талант иесі, халқы үшін аянбай қызмет еткен құзіретті тұлға екенін таныту, түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған сабақтарға оқушылар белсене қатысты.
Сонымен бірге кітап көрмесі ұйымдастырылып, кемеңгер басшының еңбектері қойылды. Сабақ барысында Елбасымыздың не оқитынын жəне қалай оқитынын жеткізіп, оқушылардың кітап оқуға деген құштарлығын кеңейте түстік деуге болады. Оқушылар Қазақстанның жеткен жетістіктерін, жасампаздықтың жаңа межесін атап өтті.