14
сентябрь
2021
"Тәуелсіздік жетістіктері" сынып сағаттары
Қыркүйектің 14 күні ҚР Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыру, оқушылардың бойында отансүйгіштік сезім ұялату мақсатында 1-11 – сынып оқушыларына «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында республикалық сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Бастауыш сынып мұғалімі Сейтбекова Гүлім Мейрамбекқызы «в» сыныбымен «Тәуелсіздік жетістіктері» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіріп, Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізе отырып, еліміздің жетістіктерін жас ұрпаққа тізбектеп түсіндіріп өтті. «Тәуелсіздік жетістіктеріне» байланысты оқушылар өз ойларын атып, сабаққа қызығушылықпен белсене қатысты. Сабақ жергілікті «Алтай» телеарнасына түсіріліп, «Рудный Алтай» газетіне ақпарат берілді.
Мектепте өткізіліп жатқан іс – шаралардың мақсаты Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы рөлін ұғыну арқылы оқушылардың патриоттық сезімін күшейту болып табылады.