13
декабрь
2021
"Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры "
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесі қарсаңында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 13 декабрь күні А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде «Тәуелсіздік- мәңгілік елдің тұғыры» атты қалалық интеллектуалдық брейн - ринг сайысы ұйымдастырылды. Тапқырлық пен жылдамдықты талап ететін сайысқа қаланың Шәкәрім атындағы №1, А.Байтұрсынов атындағы №20 және №35 орта мектептің 7-8 сынып оқушылары қатысты.
Сайыстың мақсаты Тәуелсіздігіміздің құндылықтарын ұғындыру, ұлттық сезім, ұлттық сана, ұлттық парызды дамыту, білімді, білікті, жаңашыл танымдық көзқарасқа ие, дарынды оқушыларды іріктеу және қолдау болды.
Әр мектептен келген білгірлер тобы өздерін таныстырып, интеллектуалды ойынға қызығушылықпен қатысты. Еліміздің Тәуелсіздігі жылдарындағы жетістіктерге, тарихы мен әдебиеті, мәдениетіне байланысты сұрақтарға ойынға қатысушылар белсене жауап берді. Жинаған ұпайлары бойынша ойын соңында қалалық білім бөлімінің дипломдарымен білгірлер тобы, белсене қатысқан оқушылар марапатталды.