24
январь
2023
«ОТБАСЫ – ҰЛТ ТІРЕГІ» тақырыбындағы кездесу
«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында мектеп түлектерінің отбасыларының қатысуымен «ОТБАСЫ – ҰЛТ ТІРЕГІ» тақырыбындағы кездесу.
Мектебімізде «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында мектеп түлектерінің отбасыларының қатысуымен «ОТБАСЫ – ҰЛТ ТІРЕГІ» атты рухани кездесу ұйымдастырылды. Мақсатымыз көне көз қарияларымыз бен жас буын арасында татулық қарым-қатынас қалыптастыра отырып, отбасылық тәрбие арқылы ұлттық құндылықтарды ұлықтау.
Кездесуге отбасыларымен келген мектеп түлектері шаңырақ шаттығы мен ұлттық тәрбиені ұлықтайтын отбасындағы бірлік туралы ой бөлісті. Кобжасарова Назым, Серкетаев Жасулан, Арыстанбеков Шалқар, Ежембаев Медет, Талаптанова Гүлайым, Нурбаева Әсель түлектеріміз осы сабақтастықты жалғастырған жас отбасы мүшелері. Серкетаев Жасұлан мен Арыстанбеков Шалқар орындаған "Әке-Ана" әнін көрермендер қосыла шырқады. Талаптанова Талшынның орындауындағы домбыраның үнімен үндескен ән қазақ әнінің құдіреттілігін тағы бір танытқандай. Камалиевтар отбасы ой-пікірлері мен ізгі тілектерін барлық ата-аналарға арналған "Қос бәйтерегім" әніне ұластырды. Тәлім мен тәрбиесі мол игі шарадан "Өткенге бойлап, болашаққа байыппен баруда мақсатымыз айқын, қадамымыз нық, ісіміз оң болсын!" деген тілекпен тарқастық.