мемлекеттік рәміздерді құрметтеу » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова»
отдела образования по городу Усть-Каменагоску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Версия для
слабовидящих
30
октябрь
2018

мемлекеттік рәміздерді құрметтеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 5 октябрьдағы Қазақстан халқына арналған кезекті жолдауын Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектеп ұжымы үлкен ықыласпен қабылдады. Жолдаудың тақырыбы - "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру". Ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Жыл басынан бері екінші рет халыққа жасалған жолдаудың өзіндік ерекшеліктері өте көп. «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылдау керектігі, жүктемені қысқартып, қызметтен тыс тексерістерден арылтып,  сабаққа дайындалып, тиісті уақытында жұмыс істеуі керектігін баса айтқаны үлкен күш, ерекше әсер беретіні сөзсіз. Бізді Елбасының әдеттегідей жас ұрпаққа білім беруге айрықша көңіл бөлуі ерекше қуантты.

      Жолдауда бізді білім берудің жаңа сапасына көтеретін жаңғырудың негізі ретіндегі адам капиталы болатынын атап көрсетеді.Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы жастардың танымдарын қалыптастыруда, ұлттық сана-сезімін, саяси сауаттылығын оятуда бұл Жолдаудың маңызы зор болғанын ұстаздар қауымы атап өтті.

Жолдауды таныстыру, тыңдау мектеп ұжымымен 8 октябрь күні, ата-аналар қауымымен 13 октябрь күні өткізілді.

.

Похожие публикации:

30 октябрь 2018 елбасы жолдауы
03 март 2018 Кездесу
20 январь 2018 Рухани жаңғыру
14 декабрь 2017 патриоттық ән