№20 мекеменің қызметіне талдау, өзін-өзі бағалау 2022-2023ж. » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова»
отдела образования по городу Усть-Каменагоску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Версия для
слабовидящих
25
сентябрь
2023

№20 мекеменің қызметіне талдау, өзін-өзі бағалау 2022-2023ж.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Усть-Каменогорск   қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» управления образования Восточно-Казахстанской области


Мектептің 2022-2023 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарына педагогикалық талдау, қорытынды сараптама

Мақсаты:Оқыту процесі оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықты және кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталғандықтан педагогикалық ұжым іс-әрекетінің нәтижесіне баға беру; метептің даму бағытының дұрыстығын анықтау; ұйым жұмысына талдау жасау мониторингін жүзеге асыру, ұсыныстардың орындалуы, тәжірибелік жұмыстарға ғылым жетістіктерін, педагогикалық тәжірибені енгізудегі жетістіктер мен кедергілерді саралау, оқу жылына қойылған мақсаттар мен міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ мектеп мұғалімдерінің кәсіби қажеттілігіне байланысты әдістемелік қамтамасыздандыру тұрғысынан мұғалімдердің кәсіби деңгейін анықтау, кері байланыс жасау. 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісі технологияландыру мәселесін қойып отыр. 

Осы заманғы білім берудің стратегиялық мақсатын өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және әрекетінің шешімін таба білуге қабілетті, барлық істе сауатты тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады.

Жалпы ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру ісін әлеуметтендірудің      маңызы зор. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер білім беру қызметіне   жаңаша  қарауды, жастардың шығармашылық мүмкіндігін дамытудағы, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді

Осындай міндеттерді жүзеге асыру жолында мектебіміз «Оқытудың барлық субъектілерінің   өзара әрекетін ұйымдастырудың бір компоненті- ақпараттық- коммуникациялық технология» өзекті тақырыбы аясында жұмыс жасап келді.

 Мектепте мұғалімдердің педагогтік шеберліктерін жетілдіруге, оқу үрдісін өткізіп және қамтамасыз етуге барлық  жағдайлар жасалған, білім беру үрдісінің сапасын арттыруға қажетті резервтер бар. Мектеп қызметінің оқу – тәрбиелік үрдістің негізгі мәселелері бойынша мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым өз қызметтерін нормативтік құжаттардың талаптарына сай жүргізіп, сонымен қатар мемлекеттік білім беру стандарттарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Мектеп қазақ тілінде білім беретін мекеме болғандықтан оқу-тәрбие жұмысы мен іс-қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Жоғары ұйымдарға есептер мен мәліметтер қазақ тілінде тапсырылады. Статистикалық есептер, қаржылық құжаттамалар тиісті мекемелердің жұмыс істеу тілі - ресми тілде жүргізіледі. Мектеп қызметкерлерінің, басқа азаматтардың, ата-аналардың, оқушылардың т.б. өтініштері ана тілдерінде жазылып, жазылған тілде қабылданады.

Білім мазмұны жаңартылған бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын, оқу бағдарламаларын әзірлеу «Мәңгілік ел» құндылықтарына бағдарлануымен жүзеге асырылды.


saraptama-2022-2023-o-zh.pdf [2,93 Mb] (cкачиваний: 11)
Посмотреть онлайн файл: saraptama-2022-2023-o-zh.pdf