«Қош келдің – әз Март!» апталығы
«Қош келдің – әз Март!» апталығы
Март айының 15-19 күндері аралығында Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 мектебінде«Қош келдің - әз Март!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Март мерекесін ұйымдастыруда мектепшілік «Жас Ұлан» ұйымының оқушылары мен ата-аналар белсенділік танытты. Сахна төріне Март мейрамының басты кейіпкерлері Март қыз әсем әнімен, төгілген биші қыздарымен шығып, көрермендер Қыдыр атаны қошаметпен қарсы алды. Бұл күні сахна төрінде отырған Қыдыр ата мен Март қызға ата-аналар мен оқушылар қазақ халқының ежелден келе жасқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, әсем әндерін, мың бұралған билерін көрсетті. Келесі кезекте оқушылар арасында ұлттық ойындарымыз ойнатылды. Ұлттық ойындар кезінде оқушылар барынша белсенділік көрсетті. Соңында Қыдыр ата мен Март қыз келген ата-аналар мен оқушыларға ақ батасын беріп, тыныштық пен береке тіледі.
Ұлыстың Ұлы күні достық пен татулық насихатталып, ақ тiлектер айтылды. Халқымыздың тарихымен сабақтас осы мерекенiң мән-мағынасы өте зор. Егеменді елімізде бір шаңырақ астында өмір сүретін халықтардың бiрлiгi мен татулығы нығайып, елiмiздiң көк байрағы биiктерден көрiне берсін!
Мектептегi Март мейрамы осылайша көңiлдi мерекеге ұласып, оқушылар мен ата - аналардың көңiлiнен шықты.