Мероприятие » Страница 21 » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова»
отдела образования по городу Усть-Каменагоску
управления образования Восточно-Казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Версия для
слабовидящих
«Құстар біздің досымыз» акциясы
19
октябрь
2022
«Құстар біздің досымыз» акциясы
       «25 октябрь - Республика күні» мерекесіне орай Экология және еңбек фракциясының жетекшісі Еркежан Рустемқызының ұйымдастыруымен 7 - 8 сынып оқушылары арасында «Құстар біздің досымыз» акциясы өткізілді. Оқушылар акцияға белсене қатысты. Әр сынып жемсауыт, ұя жасап, мектеп алдындағы тоғайларға орнатты. Орнату барысында оқушылар құстарға мейірімділік таныту керектігін, табиғатты аялап, онда өмір сүретін әрбір тірі ағза біздің кішкентай ғана бөлшегіміз екенін түсінді.
Байқау жеңімпаздары!
19
октябрь
2022
Байқау жеңімпаздары!
      Қалалық «Рампа оттары» балалар театр ұжымдарының байқау фестивалінен I ОРЫН алған 5В – сыныбының оқушыларын құттықтаймыз! 
«Көк байрағым» тақырыбында сауалнама жүргізілді.
17
октябрь
2022
«Көк байрағым» тақырыбында сауалнама жүргізілді.
       Отанының тарихын, мәдениеті мен әдебиетін, өткенін білу – әр адамның парызы. «25 октябрь – Республика күні» қарсаңында мектебіміздің Парламент мүшелері 2-11 сынып оқушылары арасында «Көк байрағым» тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесі оқушылардың рәміздер туралы білімін көрсетіп қана қоймай, өз елінің патриоты болуға зор ықпалын тигізді деген ойдамыз.
Шығармашылық сағаты
14
октябрь
2022
Шығармашылық сағаты
     14 октябрь күні мектебіміздің 7А, 7Б сынып оқушылары ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасына талантты суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығының қазақ этнографиялық бөлімінің ғылыми қызметкері Бекбердинова Гүлнар Миғражқызымен кездесуге барды.     Сурет салу өнерінің қыр-сырын меңгерген қылқалам шебері кездесу барысында өнердің қалай туындайтынын, оның қаншалықты тартымды, мазмұнды болатынын іс
Төтенше жағдайдағы іс - әрекет
14
октябрь
2022
Төтенше жағдайдағы іс - әрекет
    Мектебімізде оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайдан қорғалуын жетілдіру, төтенше жағдай туындаған кезде  шұғыл көшіруге (эвакуация) дайын болуға  үйрету мақсатында 14 октябрь күні азаматтық қорғаныс бойынша оқу жаттығу дайындық сабағы өткізілді. Төтенше жағдай туындаған кезде  шұғыл көшіруге (эвакуация) дайын болуға  эвакуация жоспар бойынша  жасалды. Қабаттарға кезекші мұғалімдер тағайындалды, әр қабаттағы оқушылар  шығу бағыттарымен шықты. Кезекші мұғалімдер  дабыл
МИФ апталығының қорытындысы
14
октябрь
2022
МИФ апталығының қорытындысы
  Мектебімізде  « Әлемнің ғажайып үш тірегі»  атты математика, информатика, физика пәндері апталығы 10 мен 14 октябрь аралығында өтті.  Апталыққа арналған жоспар бекітіліп, 10 октябрь күні бейне-таныстырылыммен апталықтың ашылуы ютуб каналында жолданып, мектеп дәлізінде аталған пәндер бойынша көрме ұйымдастырылды. 
«Жас Азамат» жобасы
13
октябрь
2022
«Жас Азамат» жобасы
     Жас жеткіншек бойында Отансүйгіштік, патриоттық сезім қалыптастыру негізгі мақсаттардың бірі. Осыған орай  13 октябрь күні Оқушылар шығармашылық сарайында өткізілген «Жас Азамат» жобасына мектебіміздің  8А сынып оқушылары қатысып қайтты.
«Profi-ART» кәсіби бағдар беру  жобасы
13
октябрь
2022
«Profi-ART» кәсіби бағдар беру жобасы
   13 октябрь күні мектебіміздің 9А сынып оқушылары Оқушылар шығармашылық сарайына «Profi-ART» кәсіби бағдар беру  жобасы аясында ұйымдастырылған "Әйгілі отбасылық әулеттер" атты интерактивті-танымдық саяхат сабағына барды.    Школьникам әлемге әйгілі отбасылық әулеттер туралы және еліміздегі еңбегімен ерекше көзге түскен әулеттер туралы мағлұмат беріліп, шығармашылық тапсырмалар орындалды.
«Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» атты дәріс сабақ
13
октябрь
2022
«Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» атты дәріс сабақ
     «25 октябрь - Республика күні» мерекесіне орай мектебіміздің Экология фракциясының мүшелері 1 - 4 сынып оқушыларына «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» атты дәріс сабақ өткізді. Школьникам  Жаңа Қазақстан - егемен еліміздің болашақ бейнесі екенін, біз келешегіміздің кемел боларына және жарқын болашақты өз қолымызбен жасай алатынымызға сеніп, «келешек ұрпаққа мүлік емес, көрікті жер, тал қалдырып көркейту өз қолымызда» екені  түсіндірілді.
"Ақиқат" дебат клубының жиыны
11
октябрь
2022
"Ақиқат" дебат клубының жиыны
    Мектебімізде "Ақиқат" дебат клубының алғашқы жиыны ұйымдастырылды. Жиналысқа “SAMGA” даму орталығының оқытушы тренері Шайзанова Назым ханым қатысып, жалпы дебат түрлері мен ойын ережелері және қағидаларымен таныстырды. Жас буындарды бір-бірімен жақындастыру мақсатында ашық пікірталас өткізіліп, маңызды тақырыптар талданды.