12
март
2025
Қ.О.Бітібаева технологиясы-менің сабағымда» атты челлендж
Қ.О.Бітібаеваның туғанына 80 жыл толу құрметіне орай Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Средняя школа №20 имени А.Байтурсынова» «А.Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері *«Қ.О.Бітібаева технологиясы-менің сабағымда»* атты челлендж сабақтарын өткізді. Қ.О.Бітібаева технологиясы – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, әдеби шығармаларды терең талдауға бағытталған инновациялық әдіс. Бұл технология оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, мәтінді терең түсінуге және өз ойларын еркін жеткізуге үйретеді. *Қ.О.Бітібаеваның “Ой тастау, ойланту, ойлау”технологиясы* -тек білім берудің ғана емес, өмір сүрудің технологиясы екеніне анық көзіміз жетеді.