Ағылшын тілі апталығының қорытындысы
04.12.2023-15.12.2023 аралығында «Learn English, Understand the world» тақырыбында ағылшын тілі апталығы өткізілді. Апталықтың мақсаты: Оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту. Апталықтың онкүндігінің ашылуына орай ұстаздар мен оқушылар арасында ойын, викториналық тапсырмалар ойнатылды.