Материалы за Қараша 2023 года » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
МИФ онкүндігінде өткен ашық сабақ
30
қараша
2023
МИФ онкүндігінде өткен ашық сабақ
    Мектебіміздегі МИФ онкүндігінің аясында 29.11.2023 күні 8 ”В” сынып оқушыларымен геометрия пәнінен Базарбаева Айнур Ермековна “Негізі тригонометриялық тепе-теңдіктер” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар топтық, жеке жұмыстар арқылы тригонометриялық тепе-теңдіктерді тиімді әдістерді қолдану арқылы шешуді орындады.  
Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер
30
қараша
2023
Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер
    Болашақ ұрпақты халқымыздың ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке баулу мақсатында жұмыс жүргізетін «Аталар мектебінің» алғашқы басқосуы «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» тақырыбына арналды. Шараға әкелер мен ақсақалдар шақырылып, тақырып аясында ой өрбітті.     Қаламыздағы ЖМК шағын ауданындағы ардагерлер ұйымының ақсақалдары келіп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, кеңестерін айтты. Заманында көшбасшы болып, елге
«Адалдық – адамдықтың белгісі»
29
қараша
2023
«Адалдық – адамдықтың белгісі»
    Мектебіміздің «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы 8-9 сынып оқушылары үшін «Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында адалдық сағатын өткізді. Шараның жас жеткіншектердің адалдық, әділдік және еңбек сияқты маңызды құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге ықпалы зор болды.   Сондай-ақ шара барысында биыл туғанына 130 жыл толған ақын  С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы да айтылды. Ақынды толғандырған мәселелер бүгінде өзектілігін жоғалтқан жоқ. Әділдік – бұл «бақыт пен күштің кілті»
Физикадан ашық сабақ
28
қараша
2023
Физикадан ашық сабақ
     28-қараша күні 8 "Г" сыныбында физика пәнінен "Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы" деген тақырыпта ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі: Хамитжанова А. К. Сабақта барлық оқушылардың сабаққа қатысуын қамтитын әдіс-тәсілдер мен ойын элементтері қолданылып, білім алушыдардың сабаққа деген қызығушылығы артты.
Өрт қауіпсіздігін сақтайық
28
қараша
2023
Өрт қауіпсіздігін сақтайық
   Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Құмарбеков Азамат Орынбекұлы 5 - сынып оқушыларына қыс мезгіліндегі үйдегі өрт қауіпсіздігі туралы интерактивті сабақ өткізді.  Өрт қауіпсіздігін сақтайық!
Математика пәніне ашық сабақ
27
қараша
2023
Математика пәніне ашық сабақ
   Миф онкүндігінің аясында 27.11.2023 жылы 6 "В" сыныбында математика пәнінен Батталова Айым Тасқымбекқызы "Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отыра топтық,жұптық, жеке жұмыстар арқылы  деңгейлік тапсырмалар орындалды. Оқушылар сабаққа  белсенділік танытып,аса қызығушылықпен қатысты. 
Математика пәнінен өткен ашық сабақ
27
қараша
2023
Математика пәнінен өткен ашық сабақ
   МИФ он күндігінің аясында 27.11.2023 жылы 5”В” сыныбында математика пәнінен Назарова Гулим Алмасовна “Аралас сандарды қосу” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында оқушылар натурал сан мен аралас санды қосу, бөлімдері бірдей және әртүрлі аралас санды қосу жөнінде толық түсінік алып, есеп шығарды. Қайталау сұрақтарына жауап беріп, тақырып бойынша деңгейлік есептер шығарып, сәйкестендір әдісі арқылы білімдерін шыңдады. Сабақ соңында мұғаліммен кері байланыс орнатты.
Бірге ақпараттық науқаны аясында
27
қараша
2023
Бірге ақпараттық науқаны аясында
   Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінің хаты негізінде  Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігімен #Бірге ақпараттық науқанына орай этносаралық коммуникацияларды нығайту мақсатында дайындалған көрнекі материалдарды жолдайды 
Салауатты өмір салтын ұстану
27
қараша
2023
Салауатты өмір салтын ұстану
   Оқушылардың физикалық белсенді болу, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, өз денсаулығын күте білуге, ортаны таза ұстап аялауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстануға баулу мақсатында сынып сағаттары ұйымдастырылды.