2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 5 бабының 14) тармақшасына, «2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестат-таудан өткізу мерзімін бекіту туралы » және Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2023 жылғы 13 сәуірдегі №208 «2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, сондай-ақ меншік нысанына және ведомстволық бағыстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау мақсатында 13.04.2023 жылы шыққан № 91-Ө бұйрығы сәйкес осы құжаттардың негізінде: 1.Меншік нысанына және ведомстволық бағынысына қарамастан орта білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары 2023 жылдың 31 мамырында аяқталсын. 2. 9 (10) сыныптарда білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2023 жылдың 02-13 маусым аралығында өткізілсін. 3.11 (12) сыныптарда білім алушылардың мемлекеттік бітіру емтихандары -2023 жылғы 05-19 маусым аралығында өткізілсін. 4. Мектеп бойынша 2022-2023 оқу жылын аяқтау және «Алтын белгі» аттестатына үміткерлердің құжаттарын