Негізгі орта білім туралы аттестатты тапсыру рәсімі » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
маусым
2021

Негізгі орта білім туралы аттестатты тапсыру рәсімі

      9 маусым күні Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде 9 сынып оқушыларына негізгі орта білім беру аттестаттарын тапсыру рәсімі өткізілді. Биылғы аттестат тапсыру рәсімі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Мектеп директоры Б.О.Садыков 9-сыныпты бітіріп, арнаулы орта білім беру орнына тапсыратын оқушыларды құттықтап, тілегін білдірді.  Оқу ісінің орынбасары Б.Б.Дююсова оқу жылын қорытындылай келе, оқушыларды, ата-аналарды құттықтап, белсенді оқушыларды марапаттап, аттестаттарын тапсырды. Өз кезегінде мерекеге қатысып,  осы күнді асыға күткен ата-аналар 9-сынып оқушыларын мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, мектебіміздің бітіруші 9-сынып оқушылары сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне алғыстарын білдірді.