Ағылшын тілі апталығының қорытындысы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
желтоқсан
2023

Ағылшын тілі апталығының қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі» КММ

«Learn English, Understand the world» ағылшын тілі апталығының қорытындысы


04.12.2023-15.12.2023 аралығында  «Learn English, Understand the world» тақырыбында ағылшын тілі апталығы өткізілді. Апталықтың мақсаты: Оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау, оқушылардың  пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту. 

Апталықтың онкүндігінің ашылуына орай ұстаздар мен оқушылар арасында ойын, викториналық тапсырмалар ойнатылды.

Кеңесханова Жанбота Камелханқызы  8 «Г» сынып оқушыларымен «Sport qualities» тақырыбында ашық сабақ өткізді.   Сабақтың мақсаты: оқушылардың спортпен шұғылданатын адамдардың бойындағы қасиеттерді (жаңа сөздік қорды) меңгеру, сөйлеу және тыңдау дағдыларын жетілдіру. Сабақ барысында «Көгершіннен хат», «Пицца» әдістері және «Ментиметр» платформасы қолданылды. 

Мұқанова Шырайлым Мұратқызы 8 «В» сынып оқушыларымен «Reflexive pronouns and each other» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: «Reflexive pronouns and each other»  құрылымының жасалу жолын түсіндіру және толықтай меңгерте отырып білімдерін дамыту.  Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: «Assessment ballon», «Wordwall», «Kinder Chocolate», «Reflection mail».

Шайзина Айнур Мирамбековна 4 «В» сынып оқушыларымен «Means of transport» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: ағылшын тілінде көлік түрлерінің атауларын ағылшынша айту және оларды меңгеру. Сөйлеу және тыңдалым дағдыларын жетілдіре отырып, сабағында «Мнемотехникасы» бойынша өлеңді оқу, «Matching desktop board» және тағы да басқа заманауи әдіс-тәсілдерін қолданды.

11 «Б»  сынып оқушыларымен Қайсарханова Еркежан Талғатқызы «American English» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Ағылшын тіліндегі британдық және американдық нұсқаның қолданылуындағы негізгі айырмашылықтармен таныстыру және оқылуын меңгеру. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында Printer, Bingo, Baamboozle, Wordwall заманауи әдіс-тәсілдері қолданылды. 

4-8 желтоқсан аралығында Габитова Меруерт Шахарбековна және Шайзина Айнур Мирамбековна «Study coins» жобасын өткізді. Жобаның мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының ағылшын тіліне қызығушылығын ояту. Оқушылар сабақ барысында сабақ айту арқылы тиындар жинап, сол тиындарына жәрмеңкеден сабақта қолданатын заттар сатып алды. 

Габитова Меруерт Шахарбековна 3 сынып оқушыларымен үзіліс кезінде додокаэдрмен іс-қимылдар жасау ойыны өткізді. Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын оята отырып, шапшаңдыққа баулу. 

Апталығы аясында 3 және 4 сынып оқушыларымен «Еnglish around us» атты мәнерлеп оқу сайысы  ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың рухани мәдениетін жоғарылатып, жан-жақты болуға үйрету және ағылшын тілінде дұрыс нақышпен сөйлеуді үйрету. Сайыс соңында оқушылар мадақтау қағаздарымен және  сыйлықтармен марапатталды.  Пән мұғалімі: Шайзина Айнур Мирамбековна

8 сынып оқушыларымен Кеңесханова Жанбота Камелханқызы және Мұқанова Шырайлым  Мұратқызы «Polyglot» интеллектуалды сайысын өткізді.  Сайыстың мақсаты: оқушылардың танымын арттыра отырып, үш тілде білімдерін тексеру. 

Мектеп ұстаздарына  «Effective ways use of methods and techniques to improve the quality of knowledge in English lessons», «Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыруда қолданатын тиімді әдіс-тәсілдер» атты әдіс-тәсілдер көрмесі ұйымдастырылды. 

Пән мұғалімдері әр іс- шараға тыңғылықты дайындалған. Апталық өз қойған мақсатына жетті. 


aylshyn-tl-aptalyyny-orytyndysy-2023-2024.pdf [3,35 Mb] (cкачиваний: 3)
Посмотреть онлайн файл: aylshyn-tl-aptalyyny-orytyndysy-2023-2024.pdf


Похожие публикации:

23 қараша 2018 Ағылшын апталығы
30 қараша 2017 Ағылшын апталығы