«My family»
12.11.2020 күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Е.А.Умбетова, А.Азатбек, Қ.Ә.Төлеубекова, Т.Е.Қайсарханованың ұйымдастыруымен 6 сыныптар арасында Zoom платформасында «My family» тақырыбында шығармашылық жоба қорғау шарасы өткізілді. Мақсаты: адамзат өміріндегі отбасы ұғымының маңыздылығын көрсету және отбасы құрылымының түрлерімен таныстыру.
Шара үш кезеңнен тұрды:
1. Танымдық сабақ (отбасы ұғымы және оның құрылымдық түрлеріне шолу);
2. Оқушылардың жасаған шығармашылық жұмыстарымен танысу, жоба қорғау;
3. Шараны қорытындылау, марапаттау рәсімі.
Жоба қорғауда бойынша 6 «А» сыныбынан Қадырғазиева Аймерей, Бүркіт Нұрай, Мейрамқанов Әрсен, Сағымбай Мөлдір. 6 «Б» сыныбынан Маратова Дария, Советханова Асем, Арыстанбекова Аружан, Әсетұлы Ғазиз. 6 «В» сыныбынан Кеңесова Назерке, Қасымжомарт Нұргүл, Секенова Әдемі. 6 «Г» сыныбынан Мұхтарқанова Айгерім, Даниярұлы Алдияр және Болатхан Смайыл атты оқушылар қатысып, барлығы да алғыс хаттармен марапатталды.
Шараның соңында оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы өздерінің тілектері мен ұстаздарына деген алғыстарын білдірді. Ұйымдастырылған жұмыс жоғары деңгейде аяқталды.




