Өзін - өзі тану: « Махаббат пен шығармашылық» педагогикасы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
ақпан
2019

Өзін - өзі тану: « Махаббат пен шығармашылық» педагогикасы

Өзін - өзі тану пәнінен өткен «Өзін - өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің есебі
2019 оқу жылы

4 - 12 ақпан аралығында «А.Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі»КММ «Өзін - өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтіп жатыр.Тақырыбы: «Ізгілік,достық,мейірім» Онкүндіктің жоспары жасалып, бекітілді.

Бірінші күні мектепте екі кезекте де ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Сара Алпысқызы туралы мағлұмат беріп, 5 құндылық бойынша оқушылар өлең жолдарын оқып ,тыныштық сәті әуенімен «Ізгілік,достық,мейірім» жылы сөздер жазылған жүрекшелерді оқушыларға таратып өтті.Барлық оқушылар «Достар»әнін шырқады. 

«Тілектер ағашы» тренинг сәті

Мектеп психологтары мектеп оқушыларымен «Тілектер ағашы» атты тренинг өткізді.Тренингтің мақсаты: Оқушыларға жүрек жарды тілектерін дұрыс жеткізе білу болды.

 

5.02.2019күні мектептің кітапханасында «Мейірім төккен анамыз» тақырыбында кітаптар көрмесі өткізілді.Әр үзілісте оқушыларды көрмеге апарып көрсетіп , мағлұмат беріп отырдық.

«Мейірім төккен анамыз» кітап көрмесі

5.02.2019күні 8 сынып оқушыларына «Отбасы тәрбие айнасы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.Сабақтың мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру. Баланың жан- жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата- анасын, жора- жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені дамыту.Бұл ашық сабаққа ата –аналарда қатысты.Өткізген өзін-өзі тану пән мұғалімі Сапаргалиева Н.К.

6.02.2019күні 2 сынып оқушыларына «Кешіре білуді үйренеміз» тақырыбында ашық сабақ өтті.Ашық сабақ мақсаты: кешіре білу туралы түсінік бере отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу,кешірімді болу,кешіре білу,кешірім сұрай білуді дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру,мейірімділік,ризашылық,кішіпейілділік қасиеттерін дамыту. Өткізген өзін –өзі тану пән мұғалімі Сапаргалиева Н.К.

10.02.2019 күні 5 сыныптар «Мен отбасыммен мақтанамын»атты тақырыпта бейнеролик сайысы өткізілді.Сайыстың мақсаты отбасы құндылықтарын басшылыққа ала отырып,отбасы тәрбиесіне көңіл бөлу.Бейнеролик сайысының қорытындысын әділқазы алқасы анықтап мақтау қағаздарымен марапатталды.

11.02.2019 күні акт залында «Дос болсаң берік бол,досыңа серік бол» тақырыбында 6-7 сыныптар арасында жағдаяттық көрініс сайысы өткізілді.Мақсаты:Достық,татулық құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру.Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.Бір-бірімен тату,дос болуға баулу. Әр сынып өте жақсы дайындалып белсене қатысты.Сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды.

12.02.2019 күні 6 «В» сыныбында Қабдуғалиева Алуа Сатыбалдықызы «Сыныптағы достық» атты ашық сабақ өткізді.Достықтың түрлерін айтып, достық туралы түсініктерін кеңейту мақсатында жүргізілді.

15.02.2019 күні «Ақыл, қайрат,жүректі бірдей ұста...» тақырыбында Абай Құнанбаевтың қара сөздерін жатқа айту сайысы өтті.Ол сайысқа 8-9 сыныптар қатысты.

«Дос болсаң берік бол,досыңа серік бол» жағдаяттық көрініс сайысына талдау

Жалпы сайыстың мақсаты: «Достық», «татулық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру. Өзара сыйластық, қарым-қатынастарын дамыту. Адамгершілікке баулу. Бір-бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.

6-7 сынып оқушылар арасында өткен бұл сайыс өте қызықты өтті.Оқушылар белсене қатысты. Бұл сайысты әділ-қазылар алқасы бағалап отырды, оқушылардың тақырыпты ашуы, мазмұны,мағынасы және актерлік шеберліктерін бағалады.

6 сыныптар арасында 1-ші орынға ие болған 6 «Б» сыныбы

2-ші орын 6 «А» сыныбы

3-ші орын 6 «Г» сыныбы иеленді.

Ал 7 сыныптар арасында 1-ші орын 7 «А» сыныбы

2-ші орын 7 «Б» сыныбы

3-ші орынды 7 «В» сыныбы иеленді. Оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

Өзін - өзі тану: « Махаббат пен шығармашылық» педагогикасы

 

 




Похожие публикации:

23 қараша 2018 Ағылшын апталығы
13 желтоқсан 2018 Тұңғыш Президент күні
30 қараша 2017 Ағылшын апталығы