Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектеп оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагері Светачева Анастасия Павловнаны құттықтау » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектеп оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагері Светачева Анастасия Павловнаны құттықтау
05
мамыр
2025

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектеп оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагері Светачева Анастасия Павловнаны құттықтау

2025 жылдың 02 мамыры күні Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектеп оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагері Светачева Анастасия Павловнаны құттықтап қайтты.
 Құттықтау барысында оқушылар ардагердің үйіне барып, оның ерлігін құрметпен еске алды. Олар арнайы дайындаған мерекелік бағдарлама ұсынды: патриоттық әндер шырқап, Жеңіс туралы жүрекжарды өлеңдер оқыды. Ардагерге гүл шоқтары мен сыйлықтарын тарту етіп, шынайы алғыстарын білдірді.
 Анастасия Павловна оқушылардың ықыласына ризашылығын білдіріп, майдандағы естеліктерімен бөлісті. Ол өз сөзінде бейбіт өмірдің бағасын білу, туған елге қызмет ету және тарихты ұмытпау қажеттігін ерекше атап өтті.
 Бұл кездесу оқушылар үшін тәрбиелік мәні зор әсерлі шара болды. Олар ардагердің өмір жолына сүйсіне қарап, патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншіліктің маңызын тереңірек түсінді.