Алғыс айту күнімен ҰОС ардагерін құттықтау » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
наурыз
2021

Алғыс айту күнімен ҰОС ардагерін құттықтау

     1-наурыз 2021 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің 10 сынып оқушылары мен ата-аналары Ұлы Отан Соғысының ардагері Светочева Анастасия Павловнаны «1-наурыз – Алғыс айту күнімен» құттықтап қайтты. 
      ҰОС-ның ардагері – Светочева Анастасия Павловна 1922 жылы қарашаның 11 жұлдызында Шығыс Қазақстан обылысы, Күршім ауданы Буденовка ауылында дүниеге келген. 1938 жылы Ленинград Тоқыма Институтының жұмысшылар факультетіне түсті. 1941 жылы бұл институтты оқып бітіреді. Дәл сол жылы өз еркімен соғысқа аттанып, Кеңес әскерінің қатарына қосылды.
Соғыс ардагеріне атқарған ерліктері үшін көптеген медальдар мен ордендер табысталды. 
- «За участие в Великой Отечественной Войне»;
- «Красная звезда»;
- «За взятие Кенистберга»;
- «За победу над Германией».   
    Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының ардагеріне зор  денсаулық тілеп, әрбір мерекеде оқушылармен түскен фотосуреттерін және алғыс хаттарын табыстады. Өз кезегінде ардагер 10 сынып оқушылары мен ата-аналарына  ризашылығын білдіріп, алғыс, тілегін айтты.



Похожие публикации:

02 ақпан 2021 Адалдық сағаты
10 наурыз 2019 8 наурыз
05 наурыз 2019 Алғыс айту күні