Мектеп сайты » Страница 2 » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
қыркүйек
2019

Мектеп сайты

Құрметті оқушылар, ата-аналар және сайт қонақтары!   


     Өскемен қаласы әкімдігінің "А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жеке сайты ашылды.
   Оқу -тәрбие үрдісі өте күрделі процесс. Бұған қоғамдық орта, ата-аналар да белсене араласу керек. Ең үлкен бақыт - тәуелсіз Отанымыз! Ал осы Отанымыздың іргесі берік, тұғыры мықты болуы - білімді ұрпақ қолында. Олай болса, ұрпақ тәрбиесіне бей - жай қарамай, барлығымыз да үлесімізді қосайық. "Бала тәрбиесі - баршаға ортақ", - деп бекер айтылмаса керек. Құрметті ата-аналар! Мектеп, сынып жайлы және балаңыздың білімі жөнінде мәліметтерді осы сайт арқылы біле аласыздар. Көкейде жүрген ойыңыз, өзіңізді алаңдатып жүрген сұрақтар төңірегінде де пікір алмасуға болады. Іске сәт!

Мектеп сайтын жасаудағы басты мақсат– мектеп, оқушы, ата-ана арасында тығыз байланыс орнату.  Мектебімізде білім және тәрбие беру салаларында атқарылып жатқанжұмыстарымызды бірыңғай ақпараттық кеңістік арқылы басқа пайдаланушыларға ұсына білуге қалыптасу. Электронды оқыту E-Learning бағдарламасын қолдану аясын кеңейту.

    Міндетіміз-ақпараттық кеңістіктегі жарияланып жатқан өз саламыздағы түрлі материалдарды пайдаланушы ғана емес, оған қоса ұжым мүшелерінің әрқайсысының өздігінше ізденіп, оқу-тәрбие жұмысында жаңа технологияларды пайдаланудағы жұмыс нәтижелерін басқалармен бөлісуге үйрету, осы арқылы мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылығын насихаттау, олардың беделін көтеру.




Похожие публикации:

20 қыркүйек 2019 Мектеп ұжымы
10 қыркүйек 2019 Мектеп мекен жайы
20 қыркүйек 2019 Мектептің төлқұжаты
23 қыркүйек 2019 Мектеп тарихы