«Тәуелсіз елдің ұланымыз» спорттық ойындары » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
желтоқсан
2020

«Тәуелсіз елдің ұланымыз» спорттық ойындары

Мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдері  10 желтоқсан күні Тәуелсіздік күні қарсаңында «Спорттық челлендж» ұйымдастырды. Челлендж бейнеролик түрінде мектептің инстаграм парақшасына жүктелді. 
14 желтоқсан күні сағат 11.00-де  6 - сыныптар арасында «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты тоғызқұмалақ сайысы өткізілді. Зияткерлік ойын 1 сағат көлемінде 
«Playok.com»  сайтында ойнатылды. Нәтижесінде ойын жеңімпаздары анықталды:
1 орын иегері -  Сағымбай Мөлдір;
2 орын иегері – Елубаева Әдия;
3 орын иегері- Бахтияр Ералы
6А - сыныбымен ZOOМ платформасында  «Шахмат» сайысы өткізілді. 
15 желтоқсан күні күні Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, ұлттық «Бес тас ойыны» 6 - сынып оқушыларымен онлайн форматта өткізілді.  Іс – шара барысында  ұлттық «Бес тас ойыны»  туралы бейнематериал көрсетіліп, ақпарат берілді. Оқушыларға алдын ала тапсырма беріліп, 5 тас (яғни асық) дайындатылып қойылған. Ойын ережелері түсіндіріліп, ZOOM  платформасы және WhatsApp желісі арқылы ойнатылды.