14
желтоқсан
2020
«Тарихтың таңбасы – ою-өрнек»
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында желтоқсанның 10 – 15 аралығында Ұлы дала елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күніне арналған «Тарихтың таңбасы – ою-өрнек» атты бейнероликтер челленджін 7 – 8 сынып оқушылары ұйымдастырды.
Қазақ халқының ою-өрнек өнері – байырғы ұлттық өнерлердің ішіндегі ең ежелгісі, әрі кең таралған түрі. Қазақтың сан ғасырлық тарихымен біте қайнасқан бұл өнер түрі халықтың шынайы рухани-эстетикалық танымымен астасып, этнографиялық мәнге ие көрінісімен ерекшелене түскен. Демек, ою-өрнек – ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі, халықтың өткен тарихы – рухани, мәдени-материалдық өмірінің айнасы. Оқушылар бейнероликтерде ою өрнектердің мағыналарын ашып, үй тұрмысында қандай жерлерде қолданысқа ие екендігін және соңғы уақытта қазақтың ою – өрнегін киім кешектерде қолдану трендке айналғанына тоқталды.