«Бес тас» ойыны » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
желтоқсан
2020

«Бес тас» ойыны

   Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 15 желтоқсан күні ұлттық «Бес тас» ойыны 6 -сынып  оқушыларымен онлайн форматта ұйымдастырылды. 
   Іс – шара барысында  «Бес тас ойыны»  туралы бейнематериал көрсетіліп, ақпарат берілді. 6 - сынып ұлдарына алдын ала тапсырма беріліп 5 тас, яғни асықтар дайындалып қойылды. Ойын ережелері түсіндіріліп, ZOOM  платформасы және WhatsApp желісі арқылы ойнатылды. Барлығы 18 оқушы қамтылды. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өткізілген  «Бес тас» ойынының мақсаты  - ұмыт болып бара жатқан ұлттық ойын түрлерін жаңғырту, ұлттық өнерімізге  деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу және жауапкершіліктерін арттыру болды. Оқушылар ойынға беріліп, қызығушылықпен қатысты.