“Genius” зияткерлік ойыны
08.01.2021 күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Е.Ә. Үмбетова, Қ.Ә.Төлеубекова, А.Азатбектің ұйымдастыруымен 6 және 7 сыныптар арасында Zoom платформасында “Genius” зияткерлік ойыны өткізілді. Ойынның мақсаты: оқушылардың аудармашылық қабілеттерін тексеру; мақал-мәтелдерді толықтыру, жұмбақтар шешу, сөйлемдерді аудару арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту; оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру болды. Ойын бірнеше әдіс түрлері бойынша өткізілді, олар: көрсету, түсіндіру, топтық жұмыс, сұрақ-жауап.
Ойынның жоспары төрт кезеңнен тұрды: 1. Қазақша мақал-мәтелдер берілген, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою және олардың ағылшын және орыс тілдеріндегі баламаларын айту; 2. Ағылшынша сөйлемдер берілген, ол сөйлемдерді қазақ және орыс тілдеріне аудару; 3. Қазақша берілген жұмбақтардың шешулерін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айту; 4. Шараны қорытындылау, марапаттау рәсімі.
Зияткерлік ойынға 6 және 7 сыныптар қатысты: 6 «А» сыныбынан Сағымбай Мөлдір, 6 «В» сыныбынан Шәкіртбай Мөлдір, 6 «Г» сыныбынан Асқарқызы Сая, 7 «А» сыныбынан Қаниева Салтанат, Қайрат Алина, 7 «Б» сыныбынан Ерланов Амир, 7 «Г» сыныбынан Кумусбекова Жібек қатысты.
Интеллектуалды ойын нәтижесінде 6 «А» сыныбынан Сағымбай Мөлдір – 160 ұпаймен бірінші орын иегері атанды, 6 «В» сыныбынан Шәкіртбай Мөлдір – 150 ұпаймен жүлделі екінші орынды, 7 «Г» сыныбынан Кумусбекова Жібек 110 ұпаймен жүлделі үшінші орынды иеленді, ал қалған қатысушыларға қатысушы сертификаттары берілді.
Қорытындылай келе, ойын тартысты әрі қызықты өтті. Ойынның көмегімен оқушылардың логикалық және сыни ойлау деңгейлері жоғарылады. Ұйымдастырылған жұмыс жоғары деңгейде аяқталды.

