25
ақпан
2021
"Қайырымды істер марафоны" акциясы
Ахмет Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебінде ақпан айынан бастап "Қайырымды істер марафоны" акциясы жүргізіліп жатыр. Акцияның басты мақсаты: қоғамда, өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, ізгілік, қамқорлық сезімін қалыптастырып, қайырымды іс жасауға сонымен қатар әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға, көпбалалы отбасы балаларына, мүмкіндігі шектеулі және жетім балаларға көмек көрсету, бірлікті нығайту болып табылады. Акция аясында «Жеке кітапханаңнан мектеп кітапханасына көмек» тақырыбында 1 сынып оқушылары, ата-аналары мектеп кітапханасына балаларға арналған, қазақ әдеби кітаптарды сыйлыққа берді. Көркем әдебиет қорын көбейтуге мектеп ұстаздары да ат салысуда.




