«Қашықтық сабақтардағы топтық жұмыстар. Нейрожаттығулар» тақырыбында әдістемелік шара
Жаратылыстану-тарих пәндері апталығында 22ақпан күні мектеп ұстаздарына «Қашықтық сабақтардағы топтық жұмыстар. Нейрожаттығулар» тақырыбында ZOOM платформасында әдістемелік шара ұйымдастырылды. Бұл шараны педагог-зерттеуші, жоғары санатты география пәнінің мұғалімі Абзелеева Камила Аукеновна өткізді. Мұғалімдерге ZOOM да қалай топқа бөлуге болатынын көрсетіп, қызықты тапсырмалар орындауға жұмылдырды. Сондай-ақ практика жүзінде нейрожаттығулар орындатып, оң және сол қолмен бір мезгілде жұмыс істеуді дағдыландыруға болатын жаттығулар жасаудың тәсілдерін көрсетті. Ұстаздар бір мезгілде екі қолмен сурет салудың қаншалықты күрделі және жеңіл болған тұстарын айтып, салған суреттерін камерадан көрсетіп ой бөлісті. Қатысқандар бұдан басқа, саусақ жаттығуларының бірнеше «Қоян-Түлкі», «Амандасу», «Капитан», «Біріккен саусақ» т.б. түрін жасады. Нейрожаттығулар жасаудың оқушыға қандай пайдасы бар екендігі айтылды. Апталықта ұйымдастырылған шараларға мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері, сондай-ақ жас мамандардың көптеп қатысуы байқалды. Әдістемелік шараның соңында «BBC» стилінде кері байланыс жасалды.

