"Гүлдене бер, менің Қазақстаным!" атты шығармашылық сурет фестивалі » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Гүлдене бер, менің Қазақстаным!" атты шығармашылық сурет фестивалі
22
сәуір
2021

"Гүлдене бер, менің Қазақстаным!" атты шығармашылық сурет фестивалі

    Мектебімізде, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс- шаралар жоспарына сәйкес, "Гүлдене бер, менің Қазақстаным!" атты шығармашылық сурет фестивалі 2-7 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылып өткізілді. Шығармашылық фестивальдың басты мақсаты - жас ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырып, Отанға деген сүйіспеншілік сезімі мен Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ балалардың көркем шығармашылығын дамыту мен кеңінен насихаттау. Фестивальда:
    Қазақстанның жеті кереметі;
    Қазақстанның көрікті жерлері;
    Қазақстанның Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктері; 
     «Қазақстанның даму жолдары», «Қазақ халқының дәстүрі мен салты» - тақырыптары бойынша суреттер салынды. Барлық ұсынылған жұмыстар саны - 45. Арнайы шығармашылық мүшелерінен құрылған қазылар алқасы  ұсынылған жұмыстарды қарап, фестиваль талаптарына сәйкес үздік жұмыстарды анықтады. Кәсіби деңгейі жоғары салынған жұмыстар мектебіміздің арнайы қабырғасынан орын алып, тақтаға ілінді. "Гүлдене бер, менің Қазақстаным! " атты сурет фестиваліне шығармашылықпен, белсенділікпен қатысқан барлық қылқалам өнершілерге алғыс айтылып,    Алғыс Хатпен  марапатталды.