"Мұражай-тарих айнасы" » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
мамыр
2021

"Мұражай-тарих айнасы"

      Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде "30 игі істер" қайырымдылық марафоны жалғасуда. 
Мектеп мұражайының басты мақсаты - мұражайдағы тарихи құжаттар мен жәдігерлер арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, мектептің жетістіктерін таныту, мектептің оқу-тәрбие қызметіндегі бай тарихын уағыздау. Білім ордасындағы мұражай – оқушылардың жүрегіне ізгілік ұялататын, патриотизмге тәрбиелейтін, сезімін оятып, зеректігін арттыратын үлкен тәрбие құралы. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда мектеп мұражайы базасына жылда мамыр айында жәдігерлер өткізіледі.
     "30 игі істер" қайырымдылық марафоны аясында «Мұражай – тарих айнасы» атты ұранмен мектеп мұражайына ұстаздар, оқушылар, ата-аналар этнография бөліміне жәдігерлер (көне ыдыстар, киімдер, қол өнер бұйымдары, ескі техника, антиквариат заттар) өткізуде.