15
қазан
2021
Оқуға құштар мектеп
Бүгін, яғни, 15 қазан күні кітапханада қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жылдығына орай "Қазақтың ұлы педагогы Ыбырай Алтынсариннің туғанына- 180 жыл" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл шараға 3"А" сынып оқушылары қатысып, қойылған əдебиеттерге жан жақты шолу жасалды.
Шараның мақсаты: Ұлы ағартушының өмірбаяны мен шығармашылығын таныстыру. Оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейтіп жəне кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Іс шара соңында оқушылар Ұлы ағартушының өлең, тақырыптарын жатқа айтып, өздерінің белседіліктерін көрсетті.


