«Даланың дара ұстазы» » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
мамыр
2021

«Даланың дара ұстазы»

     Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдстыруымен өткен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай «Даланың дара ұстазы» атты тарихи репортажға  жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
   Шара қатысушыларына Қостанай топырағында ұлтымыздың алғаш білім қоңырауын соққан Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайының қызметкері Досмағамбетова Шынар Сұлтанқызы тікелей байланысқа шығып, жазушының өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін мемориалдық мұражайды таныстырды. Сырттай саяхатқа мұражай қорындағы экспонаттар, кітаптардың алғашқы мұқабасы, Ы.Алтынсариннің жеке заттары, мектептерінің макеттері, фотосуреттер, естеліктер, шеберхана залы, зергерлік бұйымдардың бай коллекциясы -  қыздар әшекейлері таныстырылды. Қастысушы оқушылар әсерлі де толық мағлұмат  алды.