«Дұрыс тамақтану - болашақ ұлт денсаулығын сақтау!» » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 20" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 75-17-59
Бухгалтерия:
+7 (7232) 75-17-59
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
қазан
2021

«Дұрыс тамақтану - болашақ ұлт денсаулығын сақтау!»

    Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Дұрыс тамақтану - болашақ ұлт денсаулығын сақтау!» тақырыбында 15 – 22 қазан аралығында өткен іс-шаралардың қорытындысы
     16 қазан –Дүниежүзілік дұрыс тамақтану күніне орай мектепте арнайы іс-шаралар жоспарланып өтті. 
15 қазан – 22 қазан аралығында 0-2 сынып оқушылары арасында өткен "Оқушыларға арналған пайдалы тағамдар" тақырыбында сурет көрмесі өтті. Мектеп кітапханасында "Дұрыс тамақтану" тақырыбында кітап сөресі өтті.
Апта көлемінде 0-11 сынып оқушыларын арасында сынып жетекшілер «Дұрыс тамақтану пирамидасы» тақырында сынып сағаттарын өткізді.
     18 қазанда 3-4 сынып оқушылары арасында «Дұрыс тамақтану» тақырыбында диктант жазып өте әдемі, қатесіз жазған оқушылар бағаланды. Атап айтсақ 4 а сынып оқушысы Бақытжанқызы Сезім, 3а сынып оқушысы Алмиса Еңілік, 3б сынып оқушысы Сатыбалды Адина.
     19 қазанда 5б сынып оқушыларымен "Адам ағзасына қажетті дәрумендер" тақырыбында мектеп  медбикесі кеңес беріп, тамақтануға арналған буклеттер таратты.
    20 қазанда 7-8 сынып оқушылары арасында «Тамақтану әліппесі» тақырыбында слайд сайысы өтті. Нәтижесінде 8Г сынып 1 орын, 8А сыныбы 2 орын, 7Г сыныбы 3 орын.
     21 қазанда 9 сынып оқушылар арасында «Пайдалы тамақ өнімдеріне жарнама» тақырыбында жарнама байқауы өтті. Қорытындысында 9В, 9А сынып оқушылар аталып өтті.
   22 қазанда 10Б сынып оқушылары арасында «Дұрыс тамақтану жүйесі» тақырыбында диетолог  маманмен кездесіп кеңес алды. 
    22 қазанда 6 сынып оқушылары арасында «Адам ағзасына фаст -фудтың зияны» тақырыбында буклеттер жасалды. Нәтижесінде 6а, 6г сыныптарының буклеттері аталып өтті.